«Қазақ даласының жыршысы».
Халықаралық Тараз инновациялық институты 2022 жылы 28-ші ақпан күні сағат 14.00-де Ақпараттық-кітапханалық орталығы №2 оқу залының салтанатты түрде ашылу рәсімімен қатар Ж. Жабаевтың 176 жылдық туған күніне орай «Қазақ даласының жыршысы» атты мерекелік іс-шара өтті.
«Ашық кітапхана алаңының» ашылу салтанатында Халықаралық Тараз инновациялық институты «Шығармашылық мамандықтар» факультетінің деканы Құрманбекова А.С. және «Педагогика» мамандықтарының деканы Қожаева М. Т. құттықтау сөз сөйледі.
«Ашық кітапхана алаңымен» кітапхана директоры Сапарғалиева С. Н. таныстырды. Кітапхананың жұмыс ерекшеліктері мен қызмет көрсету технологиясы жайында түсіндірді.
Мерекелік іс-шара мақсаты-Жыр алыбы Жамбылдың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүю, оны бағалай білуге ұғындыру. Жастарды сөз өнерін қадірлеп, қастерлей білуге дағдыландыру. Ақын шығармалары арқылы ұлтжандылық сезімін оятып, адамгершілікке елінің өнерін сүюге тәрбиелеу.
Іс-шара барысында көрермендерімізге елдікті, ерлікті жырлаған, халықтың жоғын жоқтаған, бостандықты жыр еткен Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына байланысты бейнероликтер көрсетілді.
Талантты білімгерлеріміз қазақтың қара өлеңін кие тұтқан Жамбыл өлеңдерін кезекпен мәнерлеп оқып, көрермендер халқымыздың «төл өнері» айтыс-өнерінен «Құлманбет пен Жамбыл» айтысынан үзінді тамашалады. Тараздық жас ақындар Бауыржан Нұртазаев пен Бәжей Аят Жамбылға арнау арнады.
Білімгерлердің білімін арттыру мақсатында интелектуалды «Kahoot» ойыны ұйымдастырылды.
«Ерекше қонақ» айдары аясында «ХYZ» толқынының рухани жаңғыруы» тақырыбында «Қазақ тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша университет түлегі, «Назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының баспа және имидждік қолдау бөлімінің маманы, журналист, ақын Шораева Ұ.Ә. институт білімгерлері сұрақтарына жауап беріп, жақсы пікір алмасты.
Сөз соңында қонақтарымыз білімгерлердің қатысуымен өткен сұрақ-жауап ойынында жеңімпаздарды марапаттады.