Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Халықаралық Тараз инновациялық институты 2021 жылдың 21-ші желтоқсан күні сағат 11.00-де Ақпараттық-кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер үйінде Тәуелсіздігімізге 30 жыл толуына орай «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара мақсаты – Қазақстан тарихында халқымыздың ұлттық сана-сезімінің қалыптасуындағы, оның қазіргі әлемдегі өз рөлі, тәуелсіздік пен мемлекетіміздің егемендікке қол жеткізгендегі маңызды кезеңдері туралы ақпарат беру.Тәуелсіздік тарихы және 1986 жылы 16 желтоқсан оқиғасына түрткі болған себептер мен демократия жолында құрбан болған ұл-қыздардың ерліктері жайында материалдар ұсыну.
Іс-шара барысында мемлекеттік әнұранымыз орындалды.Көрермендерімізге ата-бабаларымыздың ерлігін үлгі етіп,рухын көтеру мақсатында видеоролик көрсетілді.
  Тәуелсіздігімізге 30жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шараға «Жамбыл облысының желтоқсан 86 қоғамдық бірлестігінің төраға орынбасары» Исмайл Хаджымуратов Имранұлы мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қайраткері » Аман Молдыбаев Шоңбайұлы қонаққа келді.Егеменді ел болу жолында тарихы мен қазіргі таңдағы жетістіктері туралы айтты.
Тақырыбымызға сай Ақпараттық-кітапханалық орталығында Тәуелсіздігіміз туралы кітап көрмесі ұйымдастырылды.Тәуелсіздік-біздің басты құндылығымыз.Ал елімізді ынтымақ пен бірлікте сақтау әр азаматтың ұстанымы.Білімгерлерге,оқырмандарға азаттық жолындағы батырларымыздың ерліктерін насихаттау рухын арттыратыны сөзсіз. «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік » атты мерекелік іс-шарамыздың кітапханалардан бастау алуы, еліміздің өткені мен бүгінгі күнге дейінгі тарихы кітапта екенін дәлелдейді. Көрмені №4 оқу залының кітапханашысы Тұрсынбаева Наргиза Еркінқызы таныстырып өтті.
Сондай-ақ ,талантты білімгерлеріміз ұлттық аспабымыз домбырада күй ойнады.Білімгерлердің білімін арттыру барысында «Kahoot » ойыны ұйымдастырылды.
Сөз барысында қонақтарымыз іс-шарамызда білімгерлердің қатысуымен өткен сұрақ-жауап ойынында жеңімпаздарды марапаттады.
1 орын –Ертазаева Жансая
2 орын –Балтабай Бифариза
3 орын –Сағадинов Төлеби

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған