“Нұр себеле – Ұлыстың ұлы күні!”

“Нұр себеле – Ұлыстың ұлы күні!”

          Халықаралық Тараз инновациялық институты  2022 жылдың  16-ші наурыз күні  сағат  15.00-де  Ақпараттық-кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер үйінде Наурыз мерекесіне орай “Нұр себеле – Ұлыстың ұлы күні” атты мерекелік іс-шара өтті.

         Мерекелік іс – шара мақсаты – кейінгі ұрпаққа дәстірлі мерекемізді дәріптеу және қазақ еліміз үшін өзіндік айрықша орны бар мейрам екенін көрсету.Ұлыстың ұлы күні жастарды рухани жағынан байытатыны анық.

          Іс-шара барысында   наурыз мерекесіне байланысты тарихи видеошолу көрсетілді.Білімгерлеріміз көрініс көрсетіп, “Наурыз ” атты ән шырқады.Сонымен қатар “Қара жорға” биін биледі.

          Іс- шарамызға Халықаралық Тараз инновациялық институтының тәрбие және әлеуметтік жұмыстар жөніндегі проректоры Құлабекова Гүлшат Қамбарбекқызы және тәрбие жұмыстары және саналы ұрпақ бөлімінің бастығы Нуркина Роза Назарқызы қатысып,мерекемізге өз ізгі-тілектерін білдірді.

           Тақырыбымызға сай Ақпараттық-кітапханалық орталығында Наурыз мерекесіне  арнайы дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды.Кітап  білім-бұлағы,Ұлыстың ұлы күні салт – дәстүрімізді дәріптейтін кітаптар қойылды.Сонымен қатар ұлттық аспаптар домбыра,жетіген   және ұлттық нақыштағы киімдер көрмеге қойылды.

           Іс-шарамызға келген қонақтар мен білімгерлерімізге  арнайы  дастархан жайылып,ұлттық тағамымыз наурыз көже мен сусынымыз қымыз ұсынылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған