Виртуалды анықтама қызметі – барлық тақырыптық бағыттар бойынша ақпарат іздеуге байланысты АКО-тың қашықтықтағы пайдаланушыларына қызмет көрсетілуіне арналған онлайн анықтамалық-библиографиялық қызметі.

Виртуалды анықтама қызметі мыналарды орындайды:
– АКО-тың қорында бар нақты құжаттың бар екенін дәлелдеу сұраныстарын;
– тақырыптық сауалдарды. Осы сұраныс бойынша белгілі бір тақырыптағы құжаттар тізбесі бар анықтама беріледі;
– фактографиялық сауалдарды (нақты оқиға, мекеме, атақты тұлға туралы мәлімет, анықтамалық, энциклопедиялар және т.б. бойынша терминдерді анықтау). Осы сұраныс бойынша пайдаланушыға ақпарат көздері бар анықтама беріледі;
– нақтылау сұраныстар.

Сұраныстар күнделікті қазақ және орыс тілдерінде қабылданады және түскен ретімен 1-3 күнде орындалады. Орындалған сұраныстар мұрағатынан қажетті ақпаратты өзініз таба аласыз.

Негізгі шектеулер: 
Мына сауалдар қаралмайды: АКО қызметінің тақырыптық бағыты шеңберінен  шығатын мәселелер; заң және нормативтік актілерді түсіндіру және талдау;   оқыту мазмұндағы ақпарат беруге (математикалық, физикалық, химиялық және басқа есептерді шығару, мәтіндік жұмыстарды орындау – реферат, курстық  және дипломдық жұмыстар және т.с.с., мәтіндерді аудару); дұрыс емес қойылған сауал.


Сұрақтарыңыз болса, төмендегі байланыстар бойынша хабарласа аласыздар: 

Телефон: +7 7474563225

E-mail: lib.htii@gmail.com