2008 жылы – Тараз инновациялық-гуманитарлық университеті А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Тараз институтының мұрагері құқығында заңды тұлға ретінде тіркелген күннен басталып Ақпараттық-кітапхана орталығы өз оқырмандарына қызмет көрсете бастады. Құрылымында оқу залы және кітап беру бөлімі, кітап қорында 3400 дана кітаптар, 1000-ға жуық оқырманы, штатында 6 қызметкер болды. Кітапхана қоры әмбебап ондық жіктеу кестесі бойынша жіктелді. Кітапханалық-библиографиялық процестерін автоматтандыру «Кітапхана 4.02.» бағдарламасы бойынша жүргізіліп, «Кітап», «Мақалалар», «Мерзімді басылымға жазу», «Мерзімді басылымды толықтыру», «Оқырман» электронды каталогтары құрылып, мәліметтер енгізіле бастады. Техникалық паркі: 7 компьютер, принтер.
2009-2010 оқу жылы – Ақпараттық-кітапханалық орталығында кітап қорын толықтыру секторы, 2-ші оқу залы, 1 абонемент және электронды оқу залы ашылып қызметтерін жан-жақты қарастырып, одан әрі стратегиялық даму жолдарын жоспарлап, оқырмандарға қызмет көрсетуді жалғастырды.
2010-2012 оқу жылдары – абонемент бөлімі Қ.Сатбаев атындағы көшесінде орналасқан оқу ғимаратына (Сатбаев, 1А) көшіріліп, жаңа жиһаздармен жабдықталып өз жұмысын жалғастырды. Сонымен қатар, №1 оқу залы, кітап қорын толықтыру бөлімі, кітапхана әкімшілігі Қойгелді мекен-жайындағы оқу ғимаратына көшіріліп, электронды оқу залы ашылды және кітап сақтау секторы іске қосылып, кітап қоры толықтырылды. Студенттердің Интернетті, электронды оқулықтарды пайдалану мүмкіндіктері жасалынды. №2 оқу залына жаңа орын беріліп, толығымен жаңа жиһаздармен жабдықталды. Штатында 7 адам қызмет жасады.
2011 жылдан бастап «КАБИС.FuII» – Қазақстандық автоматтандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйесімен (администрация, кітап қорын толықтыру; каталогтандыру; мақалалар картотекасы; кітап іздеу; іздеу және тапсырыс Web-модулі, кітаппен қамтамасыз ету модульі) жұмыс жүргізіліп келеді, осы бағдарлама негізінде кітапхана қоры электронды каталогтарға толығымен енгізіліп, штрих-кодталған.
2012 жылдың 5 желтоқсанынан бастап ЖОО кітапханалары ассоциясының мүшесі.
2012-2013 оқу жылы – АКО-ның әкімшілігі мен кітап қорын толықтыру секторы университеттің бас оқу ғимаратына көшіріліп, № 3 оқу залы ашылды, 2-ші кітап сақтау секторының кітап қоры жинақталды. Сонымен қатар, №1 оқу залы жанынан мерзімді басылымдар секторы тұтынушыларға қызмет көрсете бастады.
2013-2014 оқу жылы – №2 оқу залында оқырмандарадың электронды ресурстарды ашық пайдалану мүмкіндігі ұйымдастырылды. Олар: Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана (РМЭБ) www.rmeb.kz, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана (КазНЭБ) www.kazneb.kz, ELSEVIER электронды толықмәтінді деректер базасына және Тараз қаласындағы «Орталықтандырылған көпшілік кітапханалар жүйесі» КММ, «Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы» КММ, «Жамбыл облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ кітапханалармен келісім-шарт негізінде қызмет түрлерін университет студенттері мен ПОҚ құрамы тегін пайдалануына жағдай жасалды.
2015-2016 оқу жылы – «ҒТАО» АҚ-мен Thomson Reuters платформасының «SpringerLink» шетелдік мәліметтер базасына қол жеткізуді қамтамасыз ету туралы келісімге қол қойылды. Университеттегі 188 компьютерінде 1680 электронды оқулықтарға ашық қол жетімділікті қамтамасыз ету арқылы студенттер мен профессорлық-оқытушылар құрамы оқу үрдісін тоқтатпай кітапхананың қорларын бір уақытта пайдалана алды.
2016-2017 оқу жылы – Web of Science дерекқоры, Springer Link шетелдік деректер базасының ақпараттық ресурстарын пайдалану бойынша қызметтерді ұсыну шарты ұзартылды. Өкілі шақырылып, професор-роқытушылар арасында оқыту семинары өткізілді.
2019-2020 оқу жылы – «Студенттер үйінде» әртүрлі мамандықтар бойынша дәстүрлі және электронды (CD) оқулықтармен жабдықталған жаңа Cowоrking залы ашылды, сонымен қатар «Рухани жағыру» бағдарламасы бойынша 100 жаңа оқулықтың QR кодтары бар баннерлер орнатылды.
2020-2021 оқу жылы – оқырмандардың отандық және шетелдік цифрлық ресурстарға қашықтықтан қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін электронды кітапханалар мен электронды кітапханалық жүйелер сатып алынды, олардың көлемі 150 000-нан астам ресурстарды құрайды:
– «Ақнұрпресс» Hi-Tech Lab зертханасы ЖШС электронды кітаптар базасы;
– ЭКЖ «IPR BOOKS».
Электрондық кітаптар мен электронды кітапханалар жүйелеріне қосылу арқылы университет студенттерге білім беру мақсатында ұсынылған көптеген әдебиеттерге қашықтықтан қол жетімділікті қамтамасыз етті. Ресурс ғылыми қоғамдастықта – жоғары және орта арнаулы оқу орындарында, көпшілік кітапханаларында, мемлекеттік және жеке құрылымдарда белсенді қолданылады.
ЭКЖ «IPR BOOKS» соңғы 10 жылдағы (гуманитарлық, әлеуметтік және экономикалық ғылымдарда – соңғы 5 жылдағы) басылымдарды қамтиды, олардың тізімі үнемі өсіп отырады, мазмұны ай сайын жаңа электрондық басылымдармен, мерзімді басылымдармен (соның ішінде Жоғары аттестаттау комиссиясының тізіміне енгізілген журналдармен) жаңартылып отырады.
Бүгінгі күнге жалпы кітапхана қорында 500 мыңға жуық құжаттар жинақталған, құрамында кітаптар қоры, мерзімді басылымдар қоры мен электронды ресурстар қоры бар. Олар: кітаптар, электронды оқулықтар, авторефераттар, магистрлік диссертациялар, газет-журналдар, электонды ресурстар, оқу-әдістемелік кешендерді құрайды. Кітапханалық қор ҚР білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес оқулықтар, оқу-әдістемелік және ғылыми басылымдардан тұрады, жылына 10-35 мың дана басылымдармен жүйелі түрде әртүрлі жолдармен, яғни сатып алу, сыйға алу дәне т.б. толықтырылады. Олар: ҚР ЖОО қауымдастығы, аль-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің «Қазақ университеті», «Экономика», «Отан», «Фолиант», «Makmillan», «Ғылым ордасы», Жамбыл облыстық тілдерді дамыту басқармасы, Ресей баспалары және ТИГУ баспаханасы басып шығарған өнімдермен толықтырылып келеді.
Жаңа басылымдармен таныстыру мақсатында «Мамандар декадасы», «Ақпарат күндері» өткізіліп, «Жаңа кітаптар» көрмелері, шолулар жасалып, «Дайджест» және «Жаңа кітаптар» бюллетендерінің дәстүрлі және электронды нұсқалары тұрақты тұтынушылар назарына ұсынылып тұрады.
Қазіргі таңда Ақпараттық-кітапханалық орталығында 3 оқу залы, абонемент, электронды оқу залы, кітап қорын толықтыру және өңдеу секторы, кітап сақтау секторлары қызмет жасайды, штатында 11 қызметкер бар. Электронды оқу залдарындағы компьютерлердің барлығы Интернет жүйесіне қосылған, локальді желіде жұмыс жасайды.
Ақпараттық-кітапханалық орталықтың Web-сайты (www.Lib.htii.kz) ашық форматта 24/7 форматта жұмыс жасайды, меншікті электронды каталогтар дерекқоры мен иемденген отандық, ресейлік электронды-кітапханалық жүйелерді, электронды кітапханаларды және шетелдік деректер базаларына қолжетімділік ұйымдастырылған. Олар: РЖООАК (www.rmeb.kz), ҚазҰЭК (www.kazneb.kz), ЭКЖ «IPRBooks» (iprbookshop.ru), «Aknurpress» (aknurpress.kz), Қазақстанның Ұлттық ашық білім беру платформасы (moocs.kz), Қазақстанның ашық университеті (Openu.kz), Kitap.kz, adebiportal.kz, e-history.kz, presidentlibrary.kz және шетелдік Clarivate Analytics компаниясының Web of Science, Elsevier компаниясының Scopus дерекқорына, Science Direct базасына кіру мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, жыл аралығында тестік кіру мүмкіндігі ұйымдастырылады: «Лань» ЭКЖ, ЭКЖ «Grebennicon» «Wiley» ЭКЖ, «Университетская библиотека онлайн» және т.б..
Және заманауи пайдаланушының кітапхана қызметін қашықтан қолдану, жедел ақпаратқа қол жеткізу, ақпаратты ұсыну және тарату қызметін жетілдіру мақсатында Web-портал арқылы дәстүрлі және Онлайн-сервистiк қызметтер ұсынылады.
2008-2010жж. – Ақпараттық-кітапхалаық орталығының алғашқы директоры Есиркепова Гулмира Жарылқапқызы басқарса, 2010-2021жж. – Озбекова Аманкүл Андабайқызы басқарды. 2021 жылдың наурыз айынан бастап АКО директоры Сапаргалиева Сымбат Нұрғалиқызы басқарады.