Көкен Шәкейұлының 100 жылдығына арналған іс-шара өтті

Көкен Шәкейұлының 100 жылдығына арналған іс-шара өтті

Ағымдағы жылдың 20-шы наурыз күні Халықаралық Тараз инновациялық институты, Ақпараттық-кітапханалық орталығы №3 оқу залының ұйымдастыруымен Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақстан ақын-жыршылар Одағының тұңғыш президенті, сөз өнерінің саңлағы, суырып-салма айтыскер ақын, жыр жауһарын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, санаға сіңірген мәдениет қайраткері Көкен Шәкейұлы Шәкеевтің 100 жылдығына арналған « Көкшенің айтыскері Көкен ақын» атты іс-шара өтті.

Іс-шара барысында көрермендерімізге айтыскер ақынымыздың өмірі мен шығармашылығына байланысты бейнеролик көрсетілді.

Талантты білімгерлеріміз қазақтың қара өлеңін кие тұтқан Көкен өлеңдерін кезекпен мәнерлеп жатқа айтып, көрермендер халқымыздың «төл өнері» айтыс-өнерінен «Көкен пен Қалиханның» айтысынан үзінді тамашалады.

Білімгерлердің білімін арттыру мақсатында «Топтық сайыс» ойыны ұйымдастырылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған