Пресс-релиз
Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының Ақпараттық кітапханалық орталығының №3 оқу залында «Экономика және бизнес» және «Заң» факультетінің 1 курс білімгерлерінің қатысуымен «16 желтоқсан – Желтоқсан оқиғасына 36 жыл, Қазақстан тәуелсіздігіне 31 жыл» толуына байланысты арнайы көрме ұйымдастырылды. Мақсаты – Отанын сүюге, егемен елімізді сақтауға және оны гүлдендіруге құштар патриоттық күш – қуаты мол жастарды тәрбиелеу, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және Желтоқсанда мерт болған қазақ қыздары мен жігіттерінің рухына, ерлігіне деген тағзым.
Көрмеге «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушысы Жұбанышева Бану Қанатқызы, «Мемлекеттік және құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушысы Қуанышева Индира Киримжанқызы қатысты. Көрме Отан, Туған жер, Егеменді Қазақстан, Тәуелсіз Қазақстан, Желтоқсан оқиғасына, Желтоқсан құрбандарына арналған т.б. кітаптармен толықтырылды. Білімгерлер Тәуелсіз Қазақстан, Желтоқсан оқиғасына қатысты ой-пікірмен бөлісіп, өлең шумақтарын оқыды.