«Қазақтың сөз зергері»
2022 жылы 30-шы наурыз күні сағат 12.00-де Халықаралық Тараз инновациялық институты Ақпараттық-кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен №3 оқу залында Ғ.Мүсіреповтың 120 жылдық мерейтойына орай «Қазақтың сөз зергері» атты мерекелік іс-шара өтті.
Мерекелік іс-шара мақсаты- көркем сөз зергерінің дарындық қасиетін оқырман бойына дарыту арқылы , қазақтың әуенге толы сөздерін санаға орнықтыру, драматургияны қадірлеуді ұғындыру. Жазушы шығармалары арқылы қазақ халқы әдебиеті мен мәдениетін құрметтеуге, отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, сөз құдыретін түсінуге , өнерді сүюге, киелі махаббатты дәріптеуге, ананы қастерлеуге, ана сенімін ақтауға тәрбиелеу.
Іс-шара барысында көрермендерімізге туған елінің жиырмасыншы ғасырдағы көркем әдебиетін саф алтындай талай-талай шығармаларымен, үздік шеберлікпен жасалған асыл дүниелерімен байытып, абыройын биіктеткен, әсіресе еңбек адамының сол қанаушылар билеген замандағы өте ауыр, аянышты, қайыршылық өмірін реалистік тереңдікпен тебірене суреттеген Ғ.Мүсіреповтің өмірі мен шығармашылығына байланысты бейнероликтер көрсетілді.
Көрермендер Ғ.Мүсіреповтің ана тақырыбындағы шығармаларының бірі «Өлімді жеңген ана» әңгімесіндегі көріністен үзінді тамашалады.
Талантты студенттеріміз әдемі қоңыр үнді жанды дауыстарымен ана туралы ән орындады.
Ақиық ақындарымыздың Ғабитке арнап жазған арнау өлеңдерін студенттер кезекпен мәнерлеп жатқа айтып берді.
Білімгерлердің білімін арттыру мақсатында интелектуалды «Kahoot» ойыны ұйымдастырылды.
Сонымен қатар «Қазақтың сөз зергері» атанған Ғ.Мүсіреповтің қанатты сөздері оқылып, өсиет сөзі
айтылды.
.