ХТИИ-дағы «Поэзия көктемі»

ХТИИ-дағы «Поэзия көктемі»

Көктем шуағы жылы шырай танытқанда сәулелі көңілдегі кірбің кетіп, жыр тұнған кеуделерге шабыт ұялайды. Осындай оңтайлы уақытта Шерхан институтында да «Поэзия көктемі» іс-шарасы өтті. Жүрегінен өлең аңқыған өрендер ағынан жарылып, құштарлана жыр оқыды.
Шараның мақсаты – білімгерлерге поэзия құдіреті арқылы қазақ деген ұлы халықтың болмысы мен бітімінің ұлылығын дәріптеу. Осы орайда жыр кешіне қатысқан 11 студент махаббат, отан, ана туралы жазылған ақын өлеңдерін мәнерлеп оқыды.
Қатысушылар мен көрермендер лирикалық өлең шумақтарын тыңдап, рухани кемелдікке ұмтылды. Ақын сезімі мен ішкі құндылығын бағалауға тырысты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған