Хабарландыру!
15.11.2022 ж Ақпараттық-кітапханалық орталығының №3 оқу залында «15-қараша ұлттық валюта күніне» орай көпшілік оқырмандарға арналған ашық кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге ақша,несие,банк қызметі, менеджмент т.б туралы кітаптар қойылды. Көрмеге «Экономика және бизнес» , «Құқықтану», факультеттерінің студенттері мен «Экономика және бизнес» факультетінің деканы Жарасбеков Қуат Алпысбайұлы, «Қаржы және есеп» кафедрасының меңгерушісі Есперов Елдос Ізбасарұлы және т.б институттың оқытушылары қатысты. Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні жайлы студенттермен пікір алмасты.