Author: admin

Қар
16

Құрметті оқырмандар!

Сіздерді «Кітапханаға кітап сыйлаймын!» акциясына қатысуға шақырамыз. Акцияға: – Ш.Мұратаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының профессор-оқытушылар құрамы, магистранттар, студенттер шақырылады; – Сыйға –  оқулық, оқу құралы, монография, көркем әдебиеттердің баспадан шыққан немесе электронды нұсқасы қабылданады. Сіздерді күтеміз. Өтетін күні, уақыты: Желтоқсан айының соңына дейін 2022 ж.; сағат 9:00 – 18:00 аралығында.

DETAIL
Қар
09

Электронды кітапханамен таныстыру оқыту-тренингі өтті.

      2022 жылдың 09 қараша Ақпараттық-кітапханалық орталықтың №3 оқу залында «ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» және «ЗАҢ»  факультеттерінің 1және 2-курс студенттерімен ақпараттық-медиалық сауаттылығын арттыру тренингі өтті.      Тренингтің мақсаты – оқырмандарды Ақпараттық-кітапханалық орталықтың сайтымен https://lib.htii.kz және Ақпараттық-кітапханалық орталықтың Ережесімен таныстыру, электронды кітапханасымен жұмыс жасау тәсілдері мен мәлімет алу жолдарын көрсету, «Online қызмет көрсету» қызметін таныстыру, оқырман ретінде тіркелу және […]

DETAIL
Қар
08

Электронды кітапханамен таныстыру оқыту-тренингі өтті.

    2022 жылғы 08 қарашада Ақпараттық-кітапханалық орталықтың №2 оқу залында «ПЕДАГОГИКА» және «Шығармашылық мамандықтар» факультеттерінің  студенттерімен дәстүрлі  түрде өтетін  кітапхана ресурстарын пайдалану бағытында тренингтер өткізілді.   Ақпараттық-кітапханалық орталықтың сайтымен (https://lib.htii.kz) таныстырылды. Сонымен қатар, АИБС «МегаПро» электронды каталогында құжаттарды іздестіру жолдары және  РМЭБ,  IPRSMART, Aknur PRESS, Web of Science, Scopus электронды кітапханаларымен жұмыс жасау тәсілдері, мәлімет алу жолдарымен таныстырылды.

DETAIL
Қар
07

Электронды кітапханамен таныстыру оқыту-тренингі өтті.

Ақпараттық-кітапханалық орталықтың 2 -кешенінде  №1 оқу залында бірінші және екінші курс студенттеріне, Ақпараттық-кітапханалық орталығының сайты  (https://lib.htii.kz)  таныстырылды. Сонымен қатар, АИБС «МегаПро» электронды каталогында құжаттарды  іздестіру жолдары және  РМЭБ, Aknur PRESS, IPR SMART, Web of Science, Scopus электронды кітапханаларымен жұмыс жасау тәсілдері, мәлімет алу жолдары түсіндірілді.

DETAIL
Қар
03

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Құрметті «ЖАРАТЫЛЫСТАНУ» факультетінің  студенттері! Сіздерді, Ақпараттық-кітапханалық орталығында  (№1 оқу залы) 07.11.2022ж. ұйымдастырып отырған «Кафедра күніне»  шақырамыз.Сіздер мұнда өз салаңыз бойынша кітапхана қорымен және жаңа келіп түскен әдебиеттермен,  электронды оқулықтармен таныса аласыздар. КЕЛІҢІЗДЕР!  КӨРІҢІЗДЕР!  КҮТЕМІЗ!

DETAIL
Қаз
22

ХАБАРЛАНДЫРУ!

      2022 жылы 21 қазан  сағат 11.00-де Халықаралық Тараз инновациялық институты Ақпараттық кітапханалық орталығының  №3 оқу залында «Экономика» және «Заң» факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен республика  күніне  арналған іс-шара өтті. Іс шара мақсаты –жастарды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге уйрету, бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды суюден басталатынын түсіндіру, Отанға деген […]

DETAIL
Қаз
22

ХАБАРЛАНДЫРУ!

Ақпараттық-кітапханалық орталықтың 2 оқу залында 25 қазан Республика күніне орай «Дене шынықтыру және спорт» кафедрасы ДШ-22-1 тобы, топ кураторы Шилібаев Н. А. бірлесе отырып кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге Егеменді Қазақстан, Отан, туған жер туралы кітаптар қойылды. Студенттер Қазақстан туралы өлең жолдарынан үзінділер оқыды.

DETAIL
Қаз
14

Қазақтың қаһарман қызы

    Халықаралық Тараз инновациялық институты  2022 жылы  14-қазан күні  сағат  14.00-де  Ақпараттық-кітапханалық орталығының  №1 оқу залында   Мәншүк Мәметованың  100 жылдық  мерейтойына орай  «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік іс-шара өтті.     Мерекелік іс-шара мақсаты-қазақ халқының  қаһарман қызы  Мәншүк Мәметованың батырлық, ерлік жолдарын жастарға өнеге, үлгі ретінде көрсету. Сол  арқылы  отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.      Мәншүк Ұлы Отан […]

DETAIL