Қазақтың қаһарман қызы

Қазақтың қаһарман қызы

    Халықаралық Тараз инновациялық институты  2022 жылы  14-қазан күні  сағат  14.00-де  Ақпараттық-кітапханалық орталығының  №1 оқу залында   Мәншүк Мәметованың  100 жылдық  мерейтойына орай  «Қазақтың қаһарман қызы» атты мерекелік іс-шара өтті.

    Мерекелік іс-шара мақсаты-қазақ халқының  қаһарман қызы  Мәншүк Мәметованың батырлық, ерлік жолдарын жастарға өнеге, үлгі ретінде көрсету. Сол  арқылы  отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

     Мәншүк Ұлы Отан соғысы жылдарында өшпес ерлік көрсеткен қазақтың батыр қыздарының бірі. Ол  көптеген жаралы жауынгерлерді құтқарып, медициналық  көмек көрсетті. Өзінің «Максим» пулеметімен жүздеген немісті жалғыз өзі қырды. Оның ерлік тарихы  мәңгілік тақырып.

Іс-шара барысында   Мәншүк Мәметованы еске алу ретінде  бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Экраннан батыр қыздың соғыста жүріп өткен өмір жолынан қысқаша слайдтар көрсетілді.

    БСЭ-22-1 тобының студенттері батыр қыздың майдан даласындағы ерліктерімен қатар   адами, нәзік жаратылысы туралы сахналық  көріністер  қойды.

Студенттер Мәншүкке арнап жазылған Аханай  Бауыржанның «Мәншүкке арнау» өлеңінен үзінділерді жатқа оқыды.    

      Шығыс қыздарының арасынан бірінші болып  Батыр атағын алған әйгілі пулеметші бүгінде қазақ халқының емес, Азия жұртының мақтанышы, қазақтың батыр қызының есімі халық жүрегінде мәңгі қала бермек.

          Іс-шара барысында сөз алған «Жаратылыстану»  факультетінің деканы Маликтаева Пернекүл Маликтайқызы     даңқты батыр Мәншүкті  мақтан тұтып, ержүректіліктің үлгісі ретінде көретіні жөнінде  айтып өтті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған