ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

      2022 жылы 21 қазан  сағат 11.00-де Халықаралық Тараз инновациялық институты Ақпараттық кітапханалық орталығының  №3 оқу залында «Экономика» және «Заң» факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен республика  күніне  арналған іс-шара өтті. Іс шара мақсаты –жастарды туған жерін, туған елін, халқын ардақтап өтуге уйрету, бақытқа жетер даңғыл жолдың бірі – туған Отанды суюден басталатынын түсіндіру, Отанға деген патриоттық сезімдерін ояту және рухани байлыққа тәрбиелеу. Іс-шараға «Экономика және басқару» кафедрасының оқытушысы Жұбанышева Бану Қанатқызы, «Мемлекеттік және құқықтық пәндер» кафедрасының оқытушысы  Қуанышева  Индира  Киримжанқызы қатысты. Іс-шараға арнайы кітап кормесі койылды. Көрме Отан, туған жер, егеменді Қазақстан, конститутция т.б кітаптармен толықтырылды. Студенттер республикаға арналған олең шумақтарын оқыды. Іс-шара соңында топ кураторлары студенттерді оқу-білімге шақырып, кітап оқуға, дүниетанымын кеңейтуге, ізденіс жолында кітаптың пайдасы зор екенін айта отырып, білім шыңына жетулеріне тілектес екенін білдіріп, кешті қорытындылады.  

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған