Пресс-релиз
2023 жылы 14 қараша сағат 10.00-де Шерхан Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институты Ақпараттық-кітапханалық орталығының №3 оқу залында «Экономика және бизнес» факультетінің «Қаржы», «Экономика», «Мемлекеттік жергілікті басқару» мамандықтарындағы 1 курс білімгерлерінің қатысуымен «15-қараша ұлттық валюта күніне» орай іс –шара ұйымдастырылды. Іс-шарада ақша,несие,банк қызметі, менеджмент т.б кітаптардан көрме жасалды. Іс-шара мақсаты – ұлттық валютамыз «теңге» тәуелсіз Қазақстан егемендігінің айрықша нышаны болып табылатынын дәріптеу, жастарымызға қазақ елінің қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, білімгерлер бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу. Студенттер ұлттық валютамыздың айналымға енгізілу тарихы, теңгенің айналымға енгізілгеннен кейінгі өзгерістері туралы баяндама жасады. Іс шараға «Экономика және бизнес» факультетінің профессор – оқытушылар құрамы қатысып, Қазақстанның Ұлттық валютасы – төл теңгеміздің айналымға енгізілген күні жайлы студенттермен пікір алмасты.