Пресс-релиз

Пресс-релиз

   Ш.Мұртаза атындағы  Халықаралық Тараз инновациялық институты  2023 жылдың  23-ші желтоқсан күні  сағат  15.00-де  Ақпараттық-кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер үйінде қазақ әдебиетінде елеулі орын алатын белгілі қаламгер,  халық жазушысы , Ұлы Ота соғыс ардагері Әзілхан Нұршайықовтың 100 жасқа толуына орай  «Ерлік пен махаббаттың жыршысы» атты дөңгелек үстел форматында іс-шара өтті.

     Дөңгелек үстел форматында өткізілген іс-шара мақсаты батылдық пен қайсарлық, мейірімділік пен жанашырлық, ар-намыс пен жігерлік бейнеленген «Махаббат қызық мол жылдар» атты туындысын қазіргі заман жастарына яғни білімгерлерге кеңінен дәріптеу. Өз дәуірінің кемеңгер қаламгері, әдебиет атты мұхиттың буырқанған жағасына өлеңмен келіп, кейіннен әлемнің назарын өзіне аудартқан шебер жазушы, азаматтық парызын жоғары қойып, телегей талант иесі Әзілхан Нұршайықов табиғи талантынан бастау алған әлемдік әдебиетінің небір інжумаржанынан сыр арқауын тартқан  шығармалары мен нақыл сөздерін, қыз баласына деген ерекше өсиеттерін оқырмандарға айтып жеткізу.

      Іс-шара барысында жазушының өмірі жайлы қысқаша видеоролик көрсетілді. Қаламгердің шығармалары жайлы білімгерлер өз ой-пікірлерін ортаға салды. Өзекті мәселелерін түрте отырып, пікір-талас өткізілді.

     Дөңгелек үстелге Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтының педагогика және жаратылыстану факультетінің студенттері қатысты. Олар жазушының өмірі жайлы білетінімен бөлісті. Туындының ішінде кездесетін өлең жолдарын оқып, жазушының қандай мақсатта жазғанын талқылады.

       «Махаббат  барша байлықтан күшті.Бірақ күштіге де көмек керек. Сол сияқты махаббат өзін байлық пен барлықтың қоса қолдауын ұнатады.»  –    бұл қаламгердің дана сөздерінің бірі. Жазушы өз туындыларында әрбір кейіпкерді махаббатпен суреттегені бәрімізге айқын. Майданда ашық алаңда Отан үшін шайқасқан әрбір жауынгерге дәл осы ұлы махаббат демеу болса керекті….

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған