Пресс-релиз

Пресс-релиз

          2023 жылы  15-ші ақпан  күні  сағат  11.00-де Халықаралық Тараз инновациялық институты  Ақпараттық-кітапханалық орталығы  №3 оқу залының ұйымдастыруымен  қазақтың көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Д.А.Қонаевтың 111 жылдық мерейтойына арналған  «Заманның заңғар тұлғасы» атты мерекелік іс-шара өтті.

          Мерекелік іс-шара мақсаты – жастарымызға  қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан – жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның мемлекетке және халқына сіңірген еңбегін, ерлігін, қажырлы жүргізген саясатын үлгі ету, білімгерлер бойына халқымыздың құндылықтарын сіңіріп тәрбиелеу.

          Іс-шараға «Заң» факультетінің деканы Назира Асқарбекқызы , «Экономика және бизнес» факультетінің деканы Қуатбеков Жарас Алпысбайұлы катысып, Д.А.Қонаев туралы естеліктермен бөлісті. Іс-шара барысында талантты білімгерлеріміз  қоңыр үнді жанды дауыстарымен Д.А.Қонаевқа арналған ән орындады.

            Ақиық ақындарымыздың  жазған арнау өлеңдерін  кезекпен мәнерлеп жатқа айтып берді.

             Білімгерлердің білімін арттыру мақсатында интелектуалды «Жалған немесе шындық»  ойыны ұйымдастырылды.

             Оның жақсы қасиеттерінің алдында тек өз еліміз емес, басқа жұрттың танымал адамдары да бастарын иген, көзкөрген замандастарының естеліктері, атақты адамдардың Д.А.Қонаев туралы айтқан  бағалы сөздері, сонымен қатар заңғар тұлғаның  қанатты сөздері оқылып,өсиет сөздері айтылды.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған