Пресс-релиз

Пресс-релиз

Ш.Мұртаза  атындағы Халықаралық Тараз  инновациялық  институты

2022 жылдың  28-шы  қараша  күні  сағат 14:00-де  Ақпараттық-кітапханалық орталығы  № 2 оқу залында   Мұхтар Шахановтың  80 жасқа толуына орай  «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасымен,   Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша ҚТ 20-1 тобымен  бірлесе отырып

 «Ақиқаттың ақыны-Мұхтар Шаханов» атты әдеби-сазды  іс-шара өтті.

 Іс-шара мақсаты– адамгершілік, рухани қасиеттерді жастардың бойына сіңіру,  отансүйгіштік сезімдерін шыңдау.

Іс- шара барысында экраннан  Мұхтар  Шахановтың  өмір жолы мен  қызметі  жайлы  қысқаша слайдтар көрсетілді.

  Дүние  жүзінің қырықтан астам тіліне аударылған  Шаханов  шығармаларын қазақ  халқының бірнеше ұрпағы жаттап  өскендігі жайлы  сөз етілді.

Шаханов  шығармаларының  ерекшелігі- өлеңдерінің ішкі мазмұны. Табиғатынан суреткерлігі басым ақын заманды, тарих пен тағдырды баяндайды.

Ол өз шығармаларында   туған жер, ата-баба  дәстүрі  жайлы сыр шертеді.

Мұхтар Шаханов  поэзиясы-бұл адамгершілік , намыс, рухты  оятатын поэзия.

Келесі оқылатын  өлеңдердің  үзіндісі  осының куәсі.  Студенттер  ақын  шығармаларынан  үзінділер оқып, Шахановтың  өлеңдеріне  жазылған Шәмшінің  сырлы  әндерін  шырқады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған