М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі

М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі

         2022 жылы  қазанның 12-сі   күні  сағат  14.00-де  Халықаралық Тараз инновациялық институты Ақпараттық-кітапханалық орталығының  ұйымдастыруымен  №3 оқу залында  М.Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай  «М.Әуезов – қазақ әдебиетінің классигі» атты мерекелік іс-шара өтті.

Мерекелік іс-шара мақсаты- заманының заңғар ұлы тұлғасы, көрнекті кемеңгер дарынды жазушының өмірі мен шығармашылығымен таныстыру, кеңінен насихаттау, жазушының артында қалған мол мұрасын зерделеп, студенттерді ұлылардың өмірінен үлгі алуға баулу, шығармашылық танымдарын толықтыру.  Жазушы шығармалары арқылы  қазақ халқы әдебиеті мен мәдениетін құрметтеуге, отаншылдыққа,  ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

           Іс-шара барысында  көрермендерімізге  қазақ әдебиетін байытып, үздік шеберлікпен жасалған асыл дүниелерімен абыройын биіктеткен М.Әуезовтің өмірі мен  шығармашылығы жайлы   бейнеролик көрсетілді.

М.Әуезовтің шығармаларының бірі «Қараш–Қараш оқиғасы» әңгімесінен көрініс қойылды.

          Кемеңгер ұлы жазушының шоқтығы биік шығармасының бірі- «Абай жолы» романының жазылғанына  биыл 80 жыл толуына байланысты, Абайдың әні «Көзімнің қарасы» әні орындалды.

         Ақиық ақындарымыздың  М.Әуезовке арнап жазған арнау өлеңдерін білімгерлер кезекпен мәнерлеп жатқа айтып берді.

         Білімгерлердің білімін арттыру мақсатында интеллектуалды «Kahoot»  ойыны ұйымдастырылды.

        «Қазақ әдебиетінің классигі»  атанған Ғ.Мүсіреповтің қанатты нақыл сөздері оқылды. Сонымен қатар,  М.Әуезовтің  еңбектерінен шағын кітап көрмесі қойылды. Іс-шара соңында қонағымыз «Экономика және бизнес» факультетінің деканы Қуатбеков Жарас  Алпысбайұлы және  «Мемлекеттік-құқықтық пәндер» кафедрасының аға оқытушысы  Мусаева  Алия  Январбекқызы М. Әуезовтің қазақ әдебиетінде ерекше орын алатынын, оның еңбегі зор және бұл іс-шара 1,2 курс студенттері үшін өте пайдалы және нәтижелі, ағартушылық маңызы болғандығын айтты.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған