Хабарландыру!

Хабарландыру!

  Ақпараттық кітапханалық орталығының №2 оқу залында ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайреткері Ахмет Байтұрсыновтың 150 жылдығына  арналған «Ұлтын ұлықтаған-ұлы тұлға» атты әдеби іс-шара өткізілді.

Іс –шара барысында ақынын өмірі жайлы білімгерлерге видеоролик  көрсетілді. Студенттеріміз Ахмет Байтұрсыновтың шығармаларымен танысып, өлең жолдарын оқыды. Қатысушы қонақтар мен білімгерлер арасында интелектуалдық  ойын ойнатылды. Іс-шара соңында қонағымыз  қазақ тілі және әдебиет кафедрасының оқытушысы Меңдібай Әбілұлы, Ахмет Байтұрсыновтың әдебиет тарихында  ерекше орын алатынын  айтып, жастарға өз біліктілігімен бөлісті.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған