«Кітап-өмір ұстазы!»

«Кітап-өмір ұстазы!»

Халықаралық Тараз инновациялық институты 2022 жылдың 22-сі күні сағат 15.00-де де Ақпараттық-кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер үйінде Парасат жолы жобасының аясында 23-ші сәуір «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық қорғау» күніне орай «Кітап-өмір ұстазы » атты іс-шара өтті.
«Парасат жолы» жоба мақсаты – кітап күні мерекесін кеңінен білімгерлерге,оқырмандарға дәріптеу.Кітап оқудың адам өміріне қандай өзгерістер беретіні жайында түсіндіру. Білім мен тәрбиенің бастауы кітап екенін айқындау.
Іс-шарамызға халықаралық Тараз инновациялық институтының педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бөлеев Қалдыбек мырза қатысты.Өз жетістіктеріне кітаптың арқасында жеткені жайлы білімгерлерімізге әнгіме қозғады.Кейінгі ұрпаққа білімнің қаншалықты маңызды екендігін түсіндірді.Содай-ақ іс- шарамызға Халықаралық Тараз инновациялық институтының доценті Джекенов Пахыт Сүлейменұлы қатысты. Жастарға,оқырмандарға басынан өткен оқиғалар мен кітапқа қол жеткізудың қиындығы мен қызықтары жайлы бөлісті.
Іс-шарамызға арнайы шақырылған қонағымыздың бірі Жамбыл облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бас маманы Гүлназ Бақытжанқызы қатысты.Жас маман иелеріне кітапты көбірек оқу арқылы биік шыңдарды бағындыра алатыны жайлы түсіндіре өтті.
Атаулы бағдарлама барысында кітаптың шығу тарихы жайлы бейнеролик көрсетілді.Білімгерлер арасында «оқу марафоны» және «креативті селфи» байқауы өтіп, жеңімпаздарды анықтап, марапаттар табысталды.
«Оқу марафоны» – байқауы бойынша жеңімпаздары
1 орын – Касымова Аружан
2орын-Айтуарова Айнұр
3орын-Мықтыбек Дана
«Креативті селфи » – байқауы бойынша жеңімпаздары
1 орын- Шайқапас Самал
2 орын- Сағадинов Төлеби
3 орын- Асан Дархан
Білімгерлер арасында кахоот ойыны ойнатылып, кітап көрмесін тамашалады.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған