Оқыту медиа-тренингі
2021 жылдың 27 сәуірінде Халықаралық Тараз инновациялық институтының Ақпараттық-кітапханалық орталық қызметкерлеріне ІТ-маман Абдикаримов Қуаныш, кеңесші Есіркепова Гүлмира, библиограф Касымова Ақмарал – ақпараттық-медиалық сауаттылығын жетілдіру мақсатында оқыту тренингін өткізді. Іс-шара мақсаты:
- кітапхананың жаңа сайты (https://lib.htii.kz/) және оның мүмкіндіктерімен таныстыру;
- Электронды каталогтағы дерекқорынан құжаттарды іздестіруде кеңес беру;
- Онлайн сервистерді қолдану тәртібін үйрету;
- Электронды-кітапханалық жүйелер және электронды кітапханаларды пайдалану тәртібімен таныстыру.
Тренинг барысында қазіргі заманға сай кітапхана қорын тез әрі тиімді пайдалану жолдарының бірнеші түрі ұсынылды. Олар: меншікті деректер қоры «KAБИС. FULL» және иемденген толықмәтінді деректер қорлары: РМЭБ – Республикалық жоғары оқу орындары аралық электронды кітапхана- (www.rmebrk.kz), IPR-Books – Электронды-кітапханалық жүйе (www.iprbookshop.ru), «Aknurpress» Цифрлық кітапхана (aknurpress.kz), КазНЭБ – Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхана (www.kazneb.kz), Әдебиет порталы (www.adebiportal.kz), Кітап.kz (www.ikitap.kz), шетел базалары Web of Science (http://apps.webofknowledge.com/), Scopus (https://www.scopus.com), ScienceDirect (Elsevier) (http://www.sciencedirect.com/). Сонымен қатар, Онлайн сервистерді «Кітапты онлайн ұзарту», «Онлайн қызмет», «Кітаптар мен мерзімді басылымдарға Онлайн тапсырыс», «Құжатты электронды түрде жеткізу», «Онлайн анықтама» қолдану тәртібі мен әлеуметтік желідегі (инстаграмм, YouTube) парақшасы таныстырылды.
Тренигті өткізу барысында кітапханашылар сайттың барлық мүмкіндіктерімен танысып, электрондық ресурстарының пайдалану жолдарын игеріп алды.
АКО директоры Сымбат Сапаргалиева өткізілген іс-шараның маңыздылығына тоқтала отыра, институт кітапханасының кітап қорын насихаттау мақсатында және білім сапасын жетілдіру барысында оқулықтарды пайдалану және жоғары сапалы әдебиеттер қорын ұсынатын дереккөздерін пайдалану ережесі мен жолдары туралы ақпараттар беру сабақтарын профессорлық-оқытушылар құрамы мен студенттер ұйымдастыру қажет деп түйіндеді.