Ақпараттық-кітапханалық орталық қызметін пайдалану ережесі
Осы ЕРЕЖЕ «ХТИИ Ақпараттық-кітапханалық орталығының құрылым ережесі» негізінде құрылып Ақпараттық-кітапхана орталығы (АКО) және оның қызметін пайдаланушылар арасындағы қызметтерді реттейді.
Пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
- Пайдаланушы құқылы:
- АКО-ның кітапханалық-библиографиялық және ақпараттық қызметтерінің негізгі барлық түрлерін пайдалануға;
- АКО-ның кітап қорының құрамы туралы ақпараттар алуға, ақпараттар көзін іздестіру және таңдау барысында кеңестер алуға;
- құжаттарды үйге немесе оқу залдарында уақытша пайдалану үшін алуға;
- құжаттарды немесе олардың көшірмесін белгіленген тәртіпке сай электронды құжаттар нұсқасын алуға;
- АКО ұйымдастырып өткізетін көпшілік жұмыстарға қатынасуға;
- АКО әкімшілігіне әр түрлі сауалдар мен ұсыныстар жасауға.
- Пайдаланушы міндетті:
- жыл сайын оқу жылы басында пайдаланушылар абонементте тіркелуі, немесе қайта тіркелуі тиіс; тіркелмеген немесе қайта тіркелмеген пайдаланушыға АКО құрылымдық бөлімдерінде қызмет көрсетілмейді;
- АКО құрылымдық бөлімдерінде құжаттарды алып пайдалану үшін оқырман билетін көрсетуге;
- АКО құрылымдық бөлімдерінен пайдалануға алған құжаттарына жауапкершілікпен қарап, белгіленген мерзімінде өткізуге;
- құжаттарды алу барысында әр құжатты мұқият тексеріп, қандайда бір ақауы болған жағдайда АКО қызметкеріне көрсетуге; құжаттың бүлінуіне соңғы алған пайдаланушы жауапкершілікте саналады;
- пайдаланушы жұмыстан, оқудан шыққан жағдайда және оқу жылы соңында алған құжаттарын түгел қайтаруға;
- құжатты жоғалтқан немесе бүлдірген жағдайда, кітапхана әкімшілігі соған тең деп таныған құжатпен алмастыруға;
- жоғалған құжатқа тең деп саналатын құжатпен алмастыру болмаған жағдайда талапқа сәйкес құнын төлеуге;
- АКО құрылымдық бөлімдерінің қызметін пайдалану барысында тазалық пен тыныштықты сақтауға, басқа оқырмандар мен кітапхана қызметкерлерімен ілтипатты қатынаста болуға.
- Пайдаланушыға рұқсат берілмейді:
- оқырман формулярына тіркелмеген басылымдарды АҚО бөлімдерінен алып шығуға;
- кітап формулярына қол қоймай АҚО бөлімдерінен құжаттарды әкетуге;
- құжатын бөгде пайдаланушыға беруге және бөгде құжаттармен кітап алуға;
- АКО құжаттарын бүлдіруге, (беттерін жыртып бүктеуге, сызуға, белгілеуге т.с.с.)
- қызметтік жұмыс, кітап сақтау орындарына рұқсатсыз кіруге;
- тыныштық пен тазалықты сақтамауға.
- АКО құқықтары мен міндеттері
АКО құқылы:
- қолға берілген құжаттардың мерзімінде қайтарылуын бақылап отыруға;
- пайдалану ережесін бұзған пайдаланушыға АКО әкімшілігі белгілеген айып шараларды қолдануға;
- бүлдірген немесе жоғалтқан құжаттарды қалпына келтіруден бас тартқан пайдаланушының нарықтық бағасымен 10 есе төлеуін талап етуге.
АКО міндетті:
- қажет оқулықтың жеткіліксіз болу барысында АКО кітап қоры бойынша барлық мүмкіндіктерді қарастыруға;
- пайдаланушылардың дайындалуына қажетті жағдай жасауға;
- пайдаланушыларға көрсетілетін қызмет түрлері туралы тұрақты ақпарат беруге;
- оқырман сұранысын толық түсініп және қанағаттануын қамтамасыз етуге;
- жеке және жалпы оқырмандарға түрлі әдістер мен формаларды пайдалана отырып кітапханалық, библиографиялық-ақпараттық қызмет түрлерін, және басылымдарды насихаттауды дамытуда компьютерлендірілген және алдыңғы қатарлы технологияларды пайдаланып қызмет көрсетуге;
- Белгіленген талаптарға сай кітап қорын есепке алу және пайдалану, сақтау жұмыстарын жүзеге асыруға;
- үйге пайдалануға берілген құжаттың белгіленген мерзімі өткендігін оқырманға хабарлауға;
- берілген құжатты пайдаланушы қайтарғаннан кейін кезекті құжаттарын беруге;
- құжат қайтарылмаған жағдайда ауызша және жазбаша түрде хат жолдап ескертуге;
- Оқырманның жазылу тәртібі
- АКО қызметін пайдалану үшін белгіленген тәртіп бойынша пайдалану Ережесімен танысып оқырман билетін алады;
- студенттер мен профессор-оқытушы құрамына, қызметкерлерге оқырман билеті № 1 абонементте (Сатпаев көшесіндегі №3 оқу ғимаратында) беріледі;
- оқырман билеті тек суретімен және АКО мөрімен жарамды;
- студенттер мен магистранттар қабылдау бұйрығы негізінде тіркеледі;
- ПОҚ, қызметкерлер жеке куәлігі негізінде тіркеледі;
- оқырман билеті студенттің оқу, ПОҚ, қызметкерлердің қызмет барысы жылдарына жарамды;
- оқу жылы басында міндетті түрде тіркеуден қайта тіркеуден өту тәртібімен жүргізіледі.
АКО директоры С. Cапарғалиева