Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық
2020 жылы 4 ақпанда «Жаратылыстану ғылымдары» факультетінің «Тарих» кафедрасының оқытушысы Ғ.Бекбаев, Б.Бекназаров және Ақпараттық-кітапханалық орталықтың №3 абонемент қызметкері Д.Рустамбекованың ұйымдастыруымен «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы аясында, Карен Армстронгтың әлемнің 40 тіліне аударылған «Иудаизм, христиандық пен исламдағы 4000 жылдық ізденіс: Құдайтану баяны» атты кітаптың презентациясы өткізілді. Аталған іс-шараға қатынасқан Жамбыл облысы әкімдігінің дін істері басқармасынан Б.Алпысбаев, Е.Жақыпов,«Шерхантану» орталығының жетекшісі, Б.Бекназаров университет дінтанушыcы, Ғ.Бекбаев өз пікірлерін айтып еңбектің артықшылықтары туралы 1-курс студенттеріне талдап, айтып жеткізді.