Пресс-релиз

Пресс-релиз

        Ш.Мұртаза атындағы   халықаралық Тараз инновациялық институты  2022 жылдың  қараша айында 30күні  сағат  14.00-де  Ақпараттық-кітапханалық орталығының ұйымдастыруымен студенттер үйінде Шерхан Мұртазаға 90 жыл толуына орай  “Шындықтық шырақшысы ” атты ауқымды дөңгелек үстел форматында іс-шара өтті.

         Дөңгелек үстел мақсаты –  тәрбиелік , Қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілік, құрмет, ынтымақтастық, еңбек және шығармашылық, ашықтық, академиялық шыншылдық, өмір бойы білім алу, әлемдік азаматтық шешендікке баулу, тапқырлыққа, шапшаңдыққа үйрету, құндылықтарды игерту.

          Іс-шара барысында білімгерлерге ңағыз ұлтшыл, елінің елеулісі, халықтың қалаулысы   Ш.Мұртаза жайлы видеоролик көрсетілді.

        Шерағаға 90 жыл толуына орай ұйымдастырылған   іс- шарамызға жазушы –журналист, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Бауыржантану» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкері Бекет Момынқұл мырза және ақын, жазушылар одағының мүшесі, «Арай» газетінің “Мәдениет және әлеумет” бөлімінің бас редакторы Нұржан Қадірәлі мырза  білімгерлерімізге Ш.мұртаза жайлы біраз әңгімелер айтып, өз білетін оқиғаларымен бөлісті оқырмандарға  ізгі-тілектерін білдірді.

           Тақырыбымызға сай Ақпараттық-кітапханалық орталығының  №4оқу залында Ш.Мұртазаның шығармаларынан  кітап көрмесі қойылды. Бір кем  дүние туындысынан  оқырмандарымыз үзінділер оқыды. Білімгер,  жас ақындар   Шераға ға арналған өлең шумақтарын паш етті.Арнайы шақыртылған қонақтармен сұрақ жауап алмасып, пікір талас жасалды. Оқырманның іс-шарадан алған әсерлерін нәтижесін байқау мақсатында «Kahoot» ойыны ұйымдастырылды.

          Сондай-ақ ойын нәтижесінде жеңімпаздар анықталып, арнайы диплом мен марапатталды

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған