Хабарландыру!

Хабарландыру!

Ақпараттық-кітапханалық орталықтың ұйымдастырылуымен Ыбырай Алтынсаринның 180 жылдық мерейтойына орай «Мен және Ыбырай» атты фото селфи және оқу марафоны, портрет байқауын ашық деп жариялаймыз. Байқау 31.10.2021-05.11.2021 аралығында өтеді.

Байқау шарттары:
Қатысушылар lib.itii.kz- instagram; @lib.htii.kz- facebook парақшасына міндетті түрде тіркеліп, лайк басуы тиіс;
Ақынның ескерткіштерін, аты жазылған оқиғаларын, кітаптарын, шығарма кейіпкерлерін, заттарын пайдалану арқылы өз фантазияңызбен қалаған жерде суретке түсу қажет. Бірақ міндетті түрде «Мен және Ыбырай» тақырыбында болуы тиіс;
Оқу марафоны (ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу)
Портрет байқауы (аралас техникамен ақынның портретін салу)
Парақшаңызға #МенжәнеЫбырай хэштегімен @lib.itii.kz парақшасын белгілеу арқылы өз суретіңізді жариялауыңыз тиіс;

Жеңімпаздарды арнайы сыйлықтармен марапаттау рәсімі «Ұлы даланың дара ұстазы» атты «ПАРАСАТ ЖОЛЫ» жобасының аясында өтетін іс-шарада табысталады.

Уақыты: 8 қараша күні, сағат 15:00 де.
Өтетін орны: Жамбыл даңғылы, 73а
Ақпараттық-кітапханалық орталық,
Топтық жұмыс аланында өтеді.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған